Текст
16 қаңтарда "Ер-Төстік" бөбекжайында Тілге бойлау" пилоттық жобасын іске асыру аясында "Ұлттық ойын – ұлт қазынасы"атты балаларға арналған ұлттық қимылды ойынына мектепалды “Инеліктер” және "Аралар" ересектер тобының 7 тәрбиеленушісі мен 4 ата-аналары Алдар көсе, Бай,Ертөстік кейіпкерлері ретінде келіп балалармен бірге қазақтың ұлттық ойындары "Асық ату", ,"Арқан тарту" ойындарын ойнап жарысты. Ойындарды дене шынықтыру пәнінің нұсқаушысы Наталья Александровна Трегубова мен музыка жетекшісі Асылтас Қайыркенқызы Көшбай жүргізді.