«Ер – Төстік» балабақшасындағы
жазғы-сауықтыру жұмыстары.
Балабақшадағы жазғы маусым – бұл балалардың дамуын және денсаулығын нығайтудың ең бір елеулі
кезеңі. Балалар көбіне таза ауада болады. Балаларды таңертен қарсы алу өздерінің телімдерінде өткізіледі.
Күнделікті таңғы жаттығулар таза ауада жүргізіледі. Күні бойы түрлі шынықтыру жаттығулары жүзеге асырылады: күн және ауа ванналары, жалан аяқ жүру, аяққа су құю, сумен және құммен ойындар,ауызды шаю (бөлме температурасы суымен), ұйқыдан кейінгі жаттығулар. Иммунитеті әлсіз болғандықтан басты назарды санатор тобына аударамыз. Барлық шынықтыру жұмыстары балалардың денсаулығына байланысты өткізіледі. Ауыз су тәртібі
жүргізіледі. Балаларды тамақтандыру әр түрлілік. Балалардың тамақтану рационында (алмалар, банандар, табиғи шырындар, табиғи көкеністер салаттары).
ъ