Текст
04.06.2025
Мектепалды даярлық тобында және ересектер тобында «Қазақстан Республикасының рәміздері» атты тақырыптық сабақ өтті.
Сабақты музыкалық жетекші А.К.Кошбай мен мектепалды топтың тәрбиешісі Е.И.Прохорова өткізді.
Балалар іс-шараға қызығушылықпен қатысты: мемлекеттік әнұранды орындады, Қазақстанның мемлекеттік рәміздері - ту, елтаңба және әнұран туралы көптеген жаңа және маңызды дүниелерді үйренді. Сабақтың соңында балалар рәміздердің суретін салды.
Мұндай іс-шаралар балалардың бойында патриоттық сезімді, Отанға деген сүйіспеншілікті және оның мәдениетіне деген қызығушылықты қалыптастыруға ықпал етеді.