Текст
Тәуелсіздік күні!
2017 жылдың 13 желтоқсан күні екінші кішкентайлар тобында ҚР Тәуелсіздік күніне арналған сабақ өтті. Сабаққа жалпы 17 бала қатысты. Балалар Қазақстан Республикасының Президенті мен мемлекеттік рәміздерімізбен таныстырылды. Балалар мереке туралы қызығушылықпен тыңдап, Фертых Арсений, Манахова Лера, Келлер Даша, Нургожа Батырбек, Серкеш Амир сабақта өзгеше ерекшеленді. Олар өздерінің туған жері, Астанасы, Президенті, рәміздері туралы көп білетін нағыз ел патриоты болып шықты. Сабақ соңында балалар қолдарын жүректеріне қойып Қазақстан Республикасының Әнұраның орындады.