Текст
17.09.2025
Тамақтануды сапалы және жүйелі бақылауды жүзеге асыру мақсатында "Ер - Төстік" бөбекжайында тәрбиеленушілердің ыстық тамақтануын ұйымдастыруға мобильді топ бақылау жүргізілді. Оның барысында:
1. Азық-түлік сақтауға арналған және тамақ дайындауға арналған бөлменің санитарлық-техникалық жағдайы;
2. Қызметкерлердің санитарлық киімінің болуы және жағдайы;
3. Іске асырылатын тағамдардың бекітілген мәзірге сәйкестігі; 4. Топтар бойынша дайын тамақ алу кестесінің болуы тексерілді.
Мобильді топ тәрбиеленушілерді тамақтандыру кезінде тікелей қатысты. Балабақшада тамақтануды ұйымдастыру санитарлық ережелерге сәйкес жүзеге асырылатыны атап өтілді.