«Жасыл
шыршамыз бізге қонаққа келді»
Бірінші кішкентайлар тобында тәрбиешілер кіші
мектепке дейінгі жастағы балаларға түрлі сабақ - сауықтар өткізеді. Әр күн олар үшін мереке. Өйткені 2 – 3 жастағы балалар өздерін қоршаған ортаның барлық жан –жақтарын өзі үшін ашады және танып біле бастайды. Ол жаңадан біздің табиғатымыздың әсемдігін сезіп, ондағы дүниенің бәрі әртүрлілігі мен көптілігін көруді үйренеді. Дәл осы жаста балалар өсімдік әлеммен танысып, онда алғашқы ағаштар туралы, көліктер туралы, жануарлар, құстар, ауа – райы туралы білімдері қалыптасады. Әрине, жаңа жыл мерекесі қарсаңында бірден бір жарық сәуленің бірі шырша болып табылады. Шырша бала үшін
тек жай ағаш қана емес, сонымен қатар ол жаңа жыл мерекесінің басты ерекше
атрибуты. 2017 жылдың 14 желтоқсан күні бірінші кішкентайлар тобының тәрбиешілері «Жасыл шыршамыз бізге қонаққа келді» атты сабақ – сауықтыру өткізді. Берілген іс – шараның маңызды орны Жаңа жылды мерекелеу дәстүрін сақтау және зерделеу болып табылады, бұл балалардың осы мерекеге таным мүдделерін дамытуға септігін тигізеді. Іс – шара кіші мектепке дейінгі жастағы
балаларға арналған, бұл жаңа жыл мерекесі қарсаңында жағымды атмосфера жасауға
көмектеседі. Ересектер мен балалардың біріккен қызметі өзара түсінушілікке,
сенімшілікке үйретеді және нағыз серіктестік тудырады.
Балалар күнтізбелік мерекелер арқылы халық мәдениетіне араласады, білімдермен байытылады. Қйткені
қашанда кіші мектепке дейінгі жастағы балалар әртүрлі ойын салалары арқылы қоршаған ортамен танысады. Сабақта балалар шырша қандай, үлкен немесе кішкентай, оның түсі қандай, ұзындығы ше сұрақтарына қуанышпен жауап қайтарып отырды. Шырша, жануарлар, қар туралы оңай жұмбақтарды шешті. Балалар жасанды шыршаны қарастыра келе, шыршыды жапырақ емес, инеліктер екенің байқады. Сабақ – сауықтыру балаларда қуаныш және қызықты атмосферасын туғызып, ойнауға, ән айтуға және би билеуге әсер сыйлады.