Таңғы жаттығу!!!
Біздің ұранымыз:Таңды шынығудан бастаймыз
Күнде жаттығу жасаймыз.
Қас жауы адамның-
«Сырқат» дегенді білмейміз..
Балабақшада күнделікті сағат 8,25 –тен бастап 9,00- ге дейін бес топта денешынықтыру нұсқаушысымен таңғы гимнастика өткізіледі. Таңғы гимнастика балабақшада күн тәртібінің бір бөлігі болып табылады және балаларды ұйымдастырып, күнді сергектік сезіммен өткізуге септігін тигізеді.
Таңғы жаттығу балалардың денелерін шынықтыруға,
денсаулықтарын нығайтуға, дене және қабілет сапаларын дамытуға бағытталған.
Сондықтан таңғы жаттығудың алдында ерекше міндеттері бар:
Бала организмін «Ояту», оны әрекет жасауға байыптау, жан – жақты бірақ, бұлшық ет жүйесіне ұстамды әрекет ету, жүрек, демалу және басқа да организмнің функцияларының қызметін белсендіру, ішкі органдар мен сезім органдарының жұмысын ынталандыру, арқа бұлшық еттерін дұрыс қалыптасуына септігін тигізу,
жалпақ табанның пайда болуынан сақтандыру.
Бәрімізге айқын денсаулық – бұл
үлкен сый, онсыз өмірді қызықты,
баянды және бақытты жасау өте қиын.
Ал балалар мықты болып өсуге міндетті.