Текст
19.11.2025
Ұлттық ойындар — халқымыздың салт-дәстүрі мен тұрмыс-тіршілігін танытатын баға жетпес мұра. Олар балалардың денесін шынықтырып, ептілікке, батылдыққа, бірлікке тәрбиелейді. «Арқан тартыс», «Асық ату» сияқты ойындар арқылы балалар ұлттық мәдениетті сезініп, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді үйренеді. Ұлттық ойындар — қазақ руханиятының ажырамас бөлігі.