"Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Балкашин ауылының "Ер-Төстік" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
 Государственное коммунальное казённое предприятие "Ясли-сад "Ер - Тостик"  села Балкашино при отделе образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области

Әлеуметтік желідеміз

  

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ер-Төстік» балабақшасында инклюзивті білім беру».

08.06.2017

«Ер-Төстік» балабақшасында

инклюзивті білім беру».

Білім

беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында

«Балаларды мектепке дейінгі сапалы тәрбие және оқытумен толық қамтылуын,оларды

мектепке даярлауға арналған әрқилы мектепке дейінгі тәрбие және оқыту

бағдарламаларына теңдей қол жеткізуін және «инклюзивті білім беру жүйесін

жетілдіруін қамтамасыз ету көзделген.Қазіргі уақытта дамуында ақауы бар балалар

саны артып отыр.Оларды оқыту кеңейіп ,түзетіп қолдау технологиялары жетілдіруін»

қамтамасыз ету көзделген.

"Ер-Төстік"

балабақшасында  перифериялық және орталық

жүйке жүйесі зақымданған  6 бала

бар.Олардың ішінде сәбилердің орталық сал ауруы, 4 бала периноталдық орталық

жүйке жүйесімен ауырады.Бұл балалар аудандық 

емханада учаскелік педиатр, дәрігер невролог, ортопед мамандарында

есепке тұрып,  дәрігерлердің  бақылауында тұрады.Балалар  жылбойы массаж қабылдап өз денсаулықтарын

жақсартып емдік физикалық кешендермен 

айналысады. Әзірленген сауықтыру және емдеу 

жүйесінің алдын алу мақсатында балалармен профилактикалық және

коррекциялық жұмыстар өткізіледі. Балабақша 

бүлдіршіндерінің денсаулығының 

алдын-алу бойынша дене шынықтыру сабақтарында турлі арнайы жасалған

кілемшелердің үстінемен жүру, әр түрлі массаждар мен жаттығулар жасалады.Арқалары

түзу емес балаларға арнай жаттығулар кешені дайындалған. Топтарда сабақ кезінде саусақтар гимнастикасы,дұрыс

демалу гимнастикасы т.б. жаттығулар жасалып тұрады. Сондай-ақ, балалармен медицина қызметкерінің бақылауымен

шынықтыру жұмыстары жүргізіледі,мысалы; жалаң аяқ құмда жүру,далада ауқымды

жуыну,ауыз қуыстарын шаю сияқты көптеген жаттығулар жасалып тұрады,осының

бәрі  баланың денсаулығын нығайту үшін

тиімді жұмыстар екендігін білдіреді. Балабақшамызда барлық балалармен жеке

түзету жұмыстарын логопед өткізеді. Білім беру қызметін ұйымдастыру бағыттар бойынша балабақшаның   логопунктінде жүзеге асырылады:

- топтық түзеу

сабақтары;

 - жеке түзеу сабақтары.

Топтық сабақтарда 

баланың ой-өрісі кеңейіп  және сөздік

сөдері байып, грамматикалық біліктіліктері артып ,  сөдерді байланыстырып сөйлеуін дамытады. Жеке

сабақтарда коррекциялық қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізіледі,

артикуляциялық  тәртіп бұзылған

дыбыстарды, олардың дұрыс айтылуы, фонематикалық есту және қабылдау, қолдың

кіші моторикасын дамыту сияқты көптеген жұмыстар жасалады. Ұсақ моторика

балалар үшін өте маңызды, өйткені логопедтік жұмыста ол арқылы баланың

сана-сезімін дамытып,  олардың  назарын, ойлауын, үйлестіруін, қиял,

бақылаушылық, көру және ойлау. қасиеттерін, 

жоғары дамытады. Сабақтар аптасына 4 рет 

тобтар  бойынша өтсе,  аптасына 1-2 рет әрбір жеке балаға, өткізіледі

Сабақтың ұзақтығы 15 - 20 минутты құрайды. Тыныс алу гимнастикасы  А. Н. Стрельникова, артикуляциялық

жаттығулар  Н.В. Нищеваның элементтерінен

алынған. Біздің тәрбиешілер кәсіби мамандардың бағдарламаларын  пайдаланады Т. Б. Чиркинаның түзету "Сөйлеу

тілінің бұзылуы", Е. Н. Краузе "Тілді 

дамыту", О. И. Крепчук "Саусағымызды жаттықтырамыз - Сөйлеуді

дамытамыз, ". Барлық түзету жұмыстары 

логпедтің  жұмыс бағдарламасына

сәйкес және күнтізбелік – тақырыптық жоспарлауына сай өткізіледі.  Педагогикалық ұжымымыз  түзету 

арқылы психологиялық қолдауды 

тәрбиеленушілер мен ата-аналарды қамтамасыз етуге бағытталған. Балабақша писхологінің 

жұмыс мақсаты:

1.Балабақша жағдайына тез бейімделуге қажет әлеуметтік

–адамгершілік жағымды міңез-құлық қалыптастыру.

2.Қызығушылығын дамыту.

3.Жеке тұлғалық ерекшеліктерін дамыту.(өз бетімен

жұмыс істеу т.б)

4.Өз жасына сәйкес баланың жалпы дамуын және

біліктілік дағдыларын нығайту үшін жағымды әлеуметтік орта қалыптастыру.

5.Арнайы қажеттілігі бар балалар үшін

мектепке дейінгі мекемеде жағдай туғызып оларды жалпы білім беру жүйесіне қосу.

 Инклюзивті топпен жұмысты

ұйымдастыру формалары тәрбиеленушілермен жаппай және топішілік (2-3

баладан),жеке оқу іс-әрекетерін өткізу болып табылады. Балалармен оқу

іс-әрекетін өткізудің оңтайлы ұзақтығы олардың жасына ғана емес.жеке басының

мүмкіндіктеріне (жұмысқа қабілеттілігіне,зейіннің тұрақтылығына,шаршағыштығына

т.б) байланысты болады және мектепке дейінгі жалпы білім берудің мемлекеттік

стандартында анықталады. Дамуында кемістігі бар немесе жас нормасына лайық

дамымаған тәрбиеленушілермен жаппай және топішілік іс-әрекеттерді күннің І

жартысында логопед пен психолог  мұғалімі

жүргізеді. Бұл кезде тәрбиеші қалыпты дамыған балалармен іс-әрекет жүргізеді.

Дене шынықтыру нұсқаушысы және музыка жетекшілері қажет болған жағдайда

ауытқушылығы бар балалармен жеке жұмыстар жүргізеді.

Даму мүмкіндігі шектеулі балалармен түрлі бағытта жұмыстар жүргізуге

болады,олардың шығармашылық,әр түрлі бағыттағы дарындылығын анықтау мақсатында

суреттер байқауын ұйымдастыру,ойлау,есте сақтау деңгейлерін ескере

отырып,интеллектуалдық ойындар жарыстар,балалардың ашылуына түрлі

тренингтер,спорттық жарыстар ұйымдастыру әр педагогтың шеберлігінен туындауы

мүмкін.Бала қоршаған ортаға бейімделіп ,өзін еркін ұстауға ,басқа балалардан

ерекшелігі жоқ екенін сезініп өсу керек. Ата-аналармен

жұмыс -«Баланың  жас шамасына сай даму

ерекшеліктері» ақыл-кеңестер беріледі -«Бала балабақшаға бейімделуі» кеңестер

беру -«балабақшаға деген көзқарасын анықтау» сауалнама - жылдың басында

балалардан алынған зертеу жұмыстармен ата-аналарға қорытындысымен таныстырып

кеңестер беріп- дөңгелек үстел «Отбасы бақыты-ол...»тақырыбында пікірлесу

тренинг өткізіледі.

 

  Бала кемістігінің даму деңгейі

неғұрлым төмен болса,

соғырлым мұғалімнің білім деңгейі жоғары болу

керек. Неміс педогог-дефектолог П.Шуман.

Просмотров: 247


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст