Текст
17.02.2026
«Ер-Төстік» бөбекжайының ата-аналарына қызылшаның алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ата-аналарға аурудың белгілері, таралу жолдары және алдын алу шаралары туралы ақпараттары бар брошюралар таратылды.Қызылшаға қарсы екпе алмаған балалардың ата-аналарына ерекше назар аударылып, оларға уақтылы екпе алу қажеттігі туралы қосымша ақпарат берілді.
Вакцинация қызылша мен оның асқынуларынан қорғаудың тиімді шарасы болып табылады.