Текст
19.02.2026
Ортаңғы топтағы балалармен ашық сабақ
«Игі істер жолы».
Бұл ашық сабақ ойын, танымдық, тәжірибелік іс-әрекет ретінде құрылып, балалар ертегідегі жағдаяттар, ойындар, қарапайым тәжірибелер арқылы жақсы іс-әрекет ұғымын меңгереді. Осы бірлескен іс-әрекеттер арқылы балалар бір-біріне қамқорлық, жақсылық және көмектесу қабілетін көрсетуге үйренеді. «Адал азамат» бағдарламасы орта жастағы балалардың бойында адамгершілік қасиеттерді, дербестікті, жағымды әлеуметтік тәжірибені дамытуға ықпал етеді.