Бүгін біздің бөбекжайымызда 'Мистер және Мисс 'Ер-төстік' байқауы өтті. Балабақшамызда жыл сайын аталған байқауды өткізу дәстүрге айналды. Соның арқасында балаларда мейірімділік, қуаныш, достық қарым-қатынас, мектепке дейінгі жастағыларға жағымды эмоционалдық көңіл-күй қалыптастырамыз. Байқау балалардың бойында шығармашылық, ән-айту, би билеу қабілеттері мен сахнада өзін ұстау, өзінің жетістіктерімен жақындарын қуантуды қалыптастыруды көздейді. Байқауға ересек және мектепке даярлық топтарынан 6 тәрбиеленуші қатысты. Байқау 4 кезеңнен тұрды. Әр кезең 5-ұпайлық жүйемен бағаланды. Байқауды қорытындылай келе әділ-қазылар алқасы қатысушыларды келесі номинациялар бойынша марапаттады:
'Мистер Элегантность'-Қасқырбай Арман;
'Мистер Смелость'-Домашенко Артём;
'Мисс Очарование'-Мамедова Гульшан;
'Мисс Стиль'-Андрейчик София;
'Мистер 'Ер-төстік'-Шкура Михаил;
'Мисс 'Ер-төстік'-Кункель София.
Жеңімпаздар мен қатысушыларды құттықтаймыз!!!